«Барселона» бас бапкерді тапқан тәрізді

«Барселона» бас бапкерді тапқан тәрізді
Футбол

Prsport

«Барселона» бас бапкерді іздеуді жалғастыруда, деп хабарлайды BasSport.kz.

AS мәліметінше, ПСЖ-ны баптайтын Луис Энрике мен «Арсеналдың» тізгінін ұстаған Микель Артетаны шақырту әзірге мүмкін емес. «Ливерпуль» бас бапкері Юрген Клопп жақында қызметінен кетеді, дегенмен ол демалыс алатынын айтқан.

Қазір қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – Ханс-Дитер Флик. Алайда клуб басшылығы оған аса сенім артпай отыр.

Дәл қазір басшылық «Брайтон» клубының бас бапкері Роберто Де Дзербиге көз тігіп отқан секілді. Олар Де Дзерби тактикалық тұрғыда өте білікті маман екеніне сенімді.

Айта кетейік, каталониялықтардың бас бапкері Хави маусым соңында клубтан кетеді.