«Шахтёр» сапына Испанияда ойнаған футболшы қосылды
Футбол
"Шахтер" ФК
«Шахтёр» футбол клубы қарағандылық футбол мектебінің түлегі Дмитрий Бачекпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бачек өзінің кәсіби мансабын 2018 жылы «Шахтёр» сапында бастаған. «Шахтер М» сапында 42 матч өткізіп, 15 гол соқты, «Шахтер-Болат» сапында 6 матчта өз есебіне 2 ассист жазды.
2019 жылы ол Премьер-лигада дебют жасады және дебюттік маусымда 6 ойын өткізді.
Сонымен қатар «Ақсу», испаниялық «Побленсе», «Антекера» және белорустың «Арсенал» клубтарында ойнаған.