«Жеңіс» клубына косоволық шабуылшы қосылды

«Жеңіс» клубына косоволық шабуылшы қосылды
Футбол

"Жеңіс" ФК

25 жастағы косоволық шабуылшы Арби Манай елорданың «Жеңіс» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Арби – Косовоның «Дукаджини» футбол клубының тәрбиеленушісі.

Кәсіби карьерасын 2017 жылы Косовоның суперлишасында ойнайтын «Трепча 89» клубынан бастаған. Сонымен қатар Түркияның Бірінші лигасындағы «Кечиоренгюджю», «Балыкесирспор», «Бандырмаспор» клубтарында және Хорватияның Жоғары дивизионындағы «Славен» клубында өнер көрсеткен.

Былтыр Косовоның «Балкани» сапында УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне қатысқан.