«Мақтаарал» клубының бас бапкері тағайындалды

«Мақтаарал» клубының бас бапкері тағайындалды
Футбол

"Мақтаарал" ФК

Атакенттің «Мақтаарал» клубы 39 жастағы қазақстандық маман Руслан Эсатовтың бас бапкер болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сонымен қатар бапкерлік құрам толық анықталған: Серік Қанатбекұлы Сағындықов, Иван Хамзин, Әбілқасым Тілеужанұлы және Олжас Құлымбетов.

Айта кетейік, Руслан Эсатов 2019 жылы да «Мақтааралды» баптаған. Ал 2022 және 2023 маусымдарда бас бапкер Андрей Ферапонтовтің көмекшісі қызметін атқарды. Бұдан бөлек ол 2021 жылы Бірінші лигадағы «Тараз-Қаратау» клубын жаттықтырды.