«Жеңіс» хорватиялық қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Жеңіс» хорватиялық қорғаушымен келісімшарт жасасты
Футбол

"Жеңіс" ФК

Елорданың «Жеңіс» клубы 23 жастағы хорватиялық қорғаушы Марин Беланчичті қатарына қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Марин Беланчич – Хорватияның «Пулы» клубының тәрбиеленушісі. Кәсіби карьерасын 2019 жылы Италияның Д сериясындағы «Марина ди Рагуза» клубынан бастаған.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Хорватияның «Опатия» және «Драговоляц» клубтарында ойнаған.

Астанаға келгенге дейін «Цибалия» сапында 16 матч өткізді.