Ділшат Нұрым Колумбияда қарсыласын нокаутпен жеңді

Ділшат Нұрым Колумбияда қарсыласын нокаутпен жеңді
Бокс

Қазақстандық боксшы Ділшат Нұрым (8-1, 5 КО) Санта-Мартада (Колумбия) өткен бокс кеші аясында өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрымның қарсыласы жергілікті Овер Патернинья (1-10, 1 КО) болды. Айқас қазақстандық боксшының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды. 

Ділшат Нұрым үшін бұл Колумбиядағы дебют саналады, бұған дейін ол жекпе-жектерін елімізде, Өзбекстан мен Әзербайжанда өткізген. 

Оның бұған дейінгі айқасы Бакуде былтырғы 25 желтоқсанда өтіп, екінші раундта жергілікті Агаджан Даргаховты (0-1-2) нокаутпен жеңді.