Венгриядағы турнирге қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Венгриядағы турнирге қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
Дзюдо

©instagram.com/kaz_judoteam

10-11 ақпан күндері Венгрияның Дьёр қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында European Open халықаралық турнирі өтеді.

Аталған жарысқа әлемнің 36 елінен 399 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Байрақты бәсекеге қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы анықталды.

60 келі: Қанат Сейілхан, Шерзод Давлатов, Нұрдәулет Мирамбеков, Дамир Болатбеков

66 келі: Еламан Сұлтанбай

73 келі: Барыс Қуан, Саят Сейітқалиев, Ислам Тоқтасын, Ермек Амангелді, Темірлан Сағындықов

81 келі: Ерзат Арғынов

90 келі: Қазыбек Рақышев, Аян Байғазы

100 келі: Ермұхан Естай

+100 келі: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов