Семсерлесуден әлем кубогі: Қазақстан командасы финалда сүрінді

Семсерлесуден әлем кубогі: Қазақстан командасы финалда сүрінді
Семсерлесу

Өткен демалыста Швейцарияда шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Аталған сында Қазақстан жастар командасы финалға дейін жетті. 

Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов үштігі ақтық сында Венгрия құрамасына есе жіберді.

Ал турнир барысында Польша, Швейцария мен Америка құрамаларынан басым түсті.