Шпагамен семсерлесуден Эльмир Әлімжанов финалға шыға алмады

Шпагамен семсерлесуден Эльмир Әлімжанов финалға шыға алмады
Семсерлесу

Владислав Семенов

Париж Олимпиадасында шпагамен семсерлесуден жерлесіміз Эльмир Әлімжанов финалға шыға алмады, деп хабарлайды Bassport.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, шпагамен семсерлесу сайысының 1/8 финалдық кезеңінде отандасымыз италиялық Федерико Висмарамен кездесіп, қарсыласынан ұтылып қалды.

Айта кетейік, қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов 1/8 финалдық кезеңде Олимпиада чемпионын қапыда қалдырып, ширек финалға жолдама алған болатын.

Шпагамен семсерлесу бәсекесінің жекелей сынында өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.