Дохада Олимпиадаға жолдама беретін су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды

Дохада Олимпиадаға жолдама беретін су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды
Жүзу

Катар астанасы Дохада су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жарыс 18 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Дохада өтетін бұл біріншілікте Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынады. Спортшыларымыз жолдамаға иелік ету үшін нормативті уақыт көрсеткішін орындауы тиіс. Дохаға 201 елден 2600 спортшы келген. Сосын босқындардың бір командасы бар. Олар алты спорт түрі бойынша 75 медаль жиынтығын сарапқа салады. Аталған соңғы лицензиялық турнирде суға жүзу, ашық суда суға жүзу, көркем жүзу, биіктен суға секіру, су добы спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Ең көп медаль жүзуде үлестіріледі (42 медаль). Сонымен қатар уға секіруден 13 медаль, көркем жүзуден 11, ашық суда жүзуден 5 медаль, биіктікте суға секіру мен су добынан 2 медальға қол жеткізуге болады.


Таяу Шығыс алғаш рет World Aquatics жарысын қабылдап жатыр. Жарыс үш спорт алаңында өтеді. Спортшыларды Хамад су орталығы, Ескі порт және ультра заманауи Aspire Dome, әлемдегі ең үлкен су спорт кешені қабылдайды.

Қазақстан намысын жалпы саны 58 спортшы қорғайды. Олардың арасында Әділбек Мусин, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Ксения Игнатова, Максим Сказобцов, Арсен Қожахметов, Егор Попов, Диана Тасжанова бар.

58 адам – өте үлкен команда, Дохаға біз су спорт түрлерінен барлық түрлерінен максимальді түрде келуге тырыстық. Тек елімізде дамымаған хайдайвингтен ғана ешкім әкелмедік. Біз спортшылардың алдына ең жоғары мақсаттарды қоямыз – ең жақсы нәтижелерді көрсету және Олимпиада лицензияларын жеңіп алу. Барлық спортшыларға сәттілік пен табысты өнер тілеймін!, - дейді Су спорты федерациясының президенті Андрей Крюков.

Жарыстың екінші күні Мария Федотова 10 шақырымға ашық суға жүзуден 2 сағат 16 минут 01,90 минутта бағындырып, 57-орынға ие болды. Ал Диана Тасжанова 2:17:32,70 нәтижесін көрсетті.

Дохадағы әлем чемпионаты. 10 шақырым.

Әйелдер

1. Шарон ван Раувендал (Нидерланд) - 1:57:26.80

2. Мария де Вальдес (Испания) +00:00.10

3. Анжелика Андре (Португалия) +00:01.40

...

57. Мария Федотова (Қазақстан) +18:35.10

58. Диана Тасжанова (Қазақстан) +20:05.90.