Ризабек Айтмұхан сенсациялық жеңілісінен кейін Тараздағы турнирде қола жүлде иеленді

Ризабек Айтмұхан сенсациялық жеңілісінен кейін Тараздағы турнирде қола жүлде иеленді
Күрес

Әлеуметтік желі

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Таразда өткен Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде (20-22 желтоқсан) 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Үшінші орын үшін белдесуде Ризабек өз отандасы Ұланды бірінші кезеңде-ақ 10:0 есебімен техникалық басымдықпен жеңіп, турнирді жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан финалға шығу мүмкіндігін американдық спортшы Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен жол беріп, жартылай финалда сенсациялық түрде жеңіліп қалған болатын.