«Челсидің» жартылай қорғаушысы «Страсбургке» ауыспақ

«Челсидің» жартылай қорғаушысы «Страсбургке» ауыспақ
Футбол

«Челсидің» жартылай қорғаушысы Андрей Сантос «Страсбургке» ауыспақ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы журналист Фабрицио Романо Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында лондондықтар футболшыны «Ноттингем Форрестке» жалға беруден бас тартқан болатын.

Дереккөздің хабарлауынша, француз клубы бразилиялықты алты айлық жалдау құқығымен қатарына қосады.

«Челси» басшылығы да осы шешімді дұрыс деп тапқан тәрізді.

Сантос «Челсиге» 2023 жылғы қысқы трансфер терезесі кезінде «Васко да Гамадан» 12,5 млн еуроға ауысып келді.

Биылғы маусымда бразилиялық «Ноттингемде» барлық турнирде тек екі матч өткізді. Ойыншының Лондон клубымен келісімшарты 2030 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Transfermarkt интернет-порталының мәліметтері бойынша, футболшының болжамды құны – € 15 млн.