Ресми: Николай Сигневич – «Атырау» ойыншысы
Футбол
«Атырау» ФК
«Атырау» 31 жастағы Беларусь шабуылшысы Николай Сигневичпен келісімге келді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Сигневич карьерасында Беларусьтің «Смолевичи», «Динамо» Брест және БАТЭ клубтарында ойнаған.
Сонымен қатар Ресейдің «Химки», Венгрияның «Ференцварош», Грекияның «Платаниас» клубтарында өнер көрсеткен.
Ал бұған дейін ол Грекияның «Аполлон Смирнисінің» намысын қорғап, 22 матчта 1 гол соқты.
Сигневич карьерасында барлығы 327 матчта 76 гол соғып, 34 нәтижелі паспен көзге түсті.