Әлем кубогы: қазақ мергендері Каирде ешкім күтпеген нәтиже тіркеді

Әлем кубогы: қазақ мергендері Каирде ешкім күтпеген нәтиже тіркеді
Спорттық ату

Мысырдың Каир қаласында спорттық атудан рейтингілік әлем кубогінде Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Стенд атудан әйелдер арасындағы "трап" жаттығуы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко алтын медаль иеленді. Ол финалда 40 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы Фатима Галвезз бен Токио ойындарының екі дүркін жүлдегері Алессандра Периллиді артта қалдырды. 

Нысана көздеуден Қазақстан еншісінде екі қола медаль бар. Алдымен Ирина Юнусметова пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден қола жүлдегер атанса, кейін Валерий Рахымжановпен жұптасып, тағы да үздік үштікке енді. 

Мысырдағы әлем кубогінде 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салуда.