Қазақстандық мерген Әлем кубогында топ жарды

Қазақстандық мерген Әлем кубогында топ жарды
Спорттық ату

Спорт комитеті

Оқ атудан Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Атап айтсақ, «Трап» бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко топ барлық қарсыластарын басып озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Алтын жүлде үшін өткен тартысты сайыста 35 жастағы отандасымыз 40 ұпай еншілеп, Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиді басып озды. 

Бұл Мария Дмитренконың алғашқы ірі жетістігі емес, ол осыған дейін әлем кубогы кезеңдерінде екі рет алтын (2023, 2024), екі рет күміс (2021, 2023), үш рет қола (2021, 2022) медаль еншілеген.