"Асу Алмабаев қарсыласын нокаутпен жеңеді". Танымал спортшы пікір білдірді

Жекпе-жек

©UFC

UFC-дегі қазақстандық спортшы Азат Мақсұм (17-0) отандасы Асу Алмабаевтың (18-2) басты ММА-промоушендегі екінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Алмабаевтың айқасына қатысты ойым мынадай: Асудың греплингі өте жоғары деңгейде. Ол өзінің артықшылықтарын тиімді пайдалануы керек. Ол қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңеді немесе нокаутқа түсіреді, - деді Мақсұм Асу Sport+-ке берген сұхбатында.

Естеріңізге салсақ, Алмабаевтың бұл жолғы қарсыласы – американдық Си Джей Вергара (9-4). Екеуара айқас UFC 299 турнирі аясында 2024 жылғы 9 наурызда Майамиде (Флорида штаты) өтеді.

Асу промоушендегі алғашқы жекпе-жегін 2023 жылғы тамызда өткізіп, екінші раундта ямайкалық Од Осборнды жеңді (12-6-0-1).