Стенд атудан Азия чемпионаты: Жүлде бар, жолдама жоқ

Стенд атудан Азия чемпионаты: Жүлде бар, жолдама жоқ
Спорттық ату

Кувейтте аяқталған стенд атудан лицензиялық Азия біріншілігінде Қазақстан командасы 8 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандық мергендер қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Алтын медаль: Мария Дмитриенко, Әлішер Айсалбаев (трап, аралас жұптық сын), Максим Почивалов, Ратмир Еникеев, Илья Пенков (скит, командалық жарыс), Никита Моисеев, Богдан Конченко, Никита Чикулаев (трап, командалық жарыс).

Күміс медаль: Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко (скит, аралас жұптық сын).

Қола медаль: Мария Дмитриенко (трап, жекелей сын), Мария Дмитриенко, Анастасия Прилепина, Айжан Досмағамбетова (трап, командалық сын), Илья Пеньков (скит, жекелей сын), Әсем Орынбай, Ольга Панарина, Зоя Кравченко (скит, командалық сын).

Азия чемпионатына Қазақстаннан 18 спортшы қатысты. Өкінішке қарай, ешбір спортшымыз лицензияға қол жеткізе алмады.