Әсем Орынбай бастаған Қазақстан командасы Азия чемпионатында үштікке енді
Тұрар Қазанғапов
Кувейтте өтіп жатқан стенд атудан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазақстан жастар командасы «скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Команда сапында Максим Почивалов, Ратмир Еникеев пен Илья Пеньков өнер көрсетті.
«Скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Илья Пеньков қола медальға қол жеткізді.
Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы «скиттен» командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі құрлықтағы үздіктер қатарынан көрініп отыр.
Айта кетелік, Әл-Кувейттегі лицензиялық Азия біріншілігі 23 қаңтарға дейін жалғасады. Аталған сынға құрлықтағы 35 елден 350-ден аса спортшы бақ сынауда.
Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 қола медаль бар.