World Indoor Tour Gold сериясының турнирі алғаш рет Астанада өтеді

World Indoor Tour Gold сериясының турнирі алғаш рет Астанада өтеді
Жеңіл атлетика

World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Астанада Азия құрлығында Алтын деңгейдегі жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бірінші халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

7 қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді: Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, 400м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200м жүгіруде Гауһар лига финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай – ақ 100м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.