«Атырау» ресейлік жартылай қорғаушымен қош айтысты

«Атырау» ресейлік жартылай қорғаушымен қош айтысты
Футбол

"Атырау" ФК

«Атырау» клубы 28 жастағы ресейлік жартылай Евгений Козловпен қош айтысты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойыншының келісімшарт мерзімі аяқталған.

Козлов «Атырау» сапында өткен жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетеді. Өткен маусымда «мұнайшылар» сапында 32 матчқа қатысып, 8 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

2021 жылы ресейлік жартылай қорғаушы «Ақжайық» клубында өнер көрсеткен. Келесі жылы Петропавлдың «Қызылжар» клубына ауысты.