Рамазан Оразов – «Ақтөбе» ойыншысы
Футбол
instagram.com/fcaktobe_official
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Қазақстанға оралды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
25 жастағы хавбек бұған дейін 2021-2022 жылдары бір жарым маусым ақ-қызылдар намысын қорғап, Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын.
«Ақтөбеден» бөлек, Рамазан алматылық «Қайрат», литвалық «Даугавпилс», ресейлік «Чайка», павлодарлық «Ақсу», қостанайлық «Тобыл» мен словениялық «Копер» сапында өнер көрсетті.