Мбаппе болашағына қатысты нақты шешім қабылдады
©instagram.com/k.mbappe
«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе француз клубындағы болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Тілші Абделла Булманың мәліметінше, футболшы ПСЖ-мен келісімшартты ұзартайды, тиісінше жазда клубтан кетеді.
Бұған дейін Мбаппе карьерасын Мадридтің «Реалында» жалғастырады деген мәлімет тараған. Тіпті екі тарап келісімге келіп те үлгергені айтылды. Сөйте тұра «корольдік» клуб французға талап қойған. Соған сәйкес Килиан испан клубына ауысуға келісімін беретінін қаңтардың соңына дейін нақты айтуы керек, әйтпесе «Реал» келісімшартқа қол қоймайды.
Айта кетейік, Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Оның қазіргі келісімшарты 2024 жылға дейін жарамды.
Биылғы маусымда Килиан 25 матчта 25 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Ал Transfermarkt оның нарықтық құнын 180 млн еуроға бағалайды.