Рамазан Оразовтың қай клубқа қосылатыны белгілі болды
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
«Серый CARDINAL» телеграм-арнасы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың «Ақтөбеге» оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Бүгін Рамазан Оразов «Ақтөбемен» келісімшартқа қол қояды. Қазақстан құрамасының ойыншысы бұл клубта 2021 жылдың ортасынан 2022 жылдың соңына дейін ойнаған. Сонан соң Павлодардың «Ақсу», Қостанайдың Тобыл» және Словенияның «Копер» клубтарында ойнады, — деп жазады дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, Оразов Словенияның «Копер» клубына өткен жылдың тамыз айында ауысқан. Дегенмен жыл соңында еуропалық команда қазақстандықпен келісімшартты тоқтататынын мәлімдеді.