Мбаппе «Реалға» нақты ауысатын болды

Мбаппе «Реалға» нақты ауысатын болды
Футбол

ПСЖ клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе жазда Мадридтің «Реалына» ауысады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Footmercato басылымының хабарлауынша, шабуылшы осы жолы нақты ауысуға бел буып отыр.

Айта кетейік, Мбаппенің келесімшарты 2024 жылдың жазында аяқталып, еркін агент атанады. Килиан париждік команда сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Дәл қазір ойыншының нарықтағы бағасы 180 млн еуроны құрайды.

Осы маусымда 24 ойынға қатысқан Франция құрамасының ойыншысы 25 гол соғып, 3 нәтижелі пастың авторы атанды.