Азат Мақсұм Жалғас Жұмағұловты жеңген спортшымен кездеседі

Жекпе-жек
UFC
17-0 рекорды бар қазақстандық америкалық Чарльз Джонсонмен өзара кім мықтыны анықтайды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Негізі Азат бұған дейін Нейт Мэнесспен төбелесуі керек-тін, дегенмен ол жарақат алып қалып, айқастан бас тартты. Кездесу 4 ақпан күні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирі аясында өтеді.
Айта кетейік, 32 жастағы Чарльз Джонсон 2022 жылғы қарашада Жалғас Жұмағұловты жеңген. Джонсонның ММА-дегі рекорды - 13-6, UFC-де - 2-4, әзірге қатарынан үш рет жеңілді.
UFC-де Джонсон Рафаэль Эстевамаға, Коди Дерденге, Оди Осборн мен Мохаммед Мокаевқа есе жіберді. Ал Жұмағұловтан соң Джимми Фликті бірінші раундта нокаутқа түсірді.