Шахматтан VI ӘЧ: Магнус Карлсен блиц бойынша да чемпион атанды

Шахматтан VI ӘЧ: Магнус Карлсен блиц бойынша да чемпион атанды
Шахмат

worldrapidandblitz2022.fide.com

25-30 желтоқсанда Самарқандта өткен шахматтың рапид және блиц түрінен VI әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды. 

Өзбекстанда алғаш рет Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ұйымдастырған бұл жарысқа 50 елден 300-ден астам шахматшы қатысты. 

Жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл әлем чемпионатының бағдарламасы бойынша 26-28 желтоқсан аралығында рапидтен 13 раунд және блицтен 21 раунд ойындар өтті. 

Рапидтен қазіргі әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен VI әлем чемпионатында 10 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орынды словениялық Владимир Федосеев, үшінші орынды қытайлық Янъи Юй иеленді. 

Әйелдер арасындағы жарысқа ФИДЕ туы астында өнер көрсеткен Анастасия Боднарук бірінші орынды жеңіп алып, 2023 жылғы әлем чемпионы атанды. 

Үндістандық Хумпи Канеру күміс, қытайлық Тинцзе Лэй қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ блиц категориясының жеңімпаздары анықталды.