Лионель Месси неке қою рәсіміне қатыспады

Лионель Месси неке қою рәсіміне қатыспады
Футбол

Спорт-Экспресс

"Интер Майамидің" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси әйелі Антонелла Рокуццоның сіңлісі Карла Рокуццоның неке қию рәсіміне қатысқан жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл туралы Marca хабарлайды.

Іс-шара Роcарио қаласында өтті. Салтанатты іс-шара туралы еш жерде жарияланбағанымен, жақын маңдағы жұрт шіркеудегі неке қию рәсімі жайлы біліп қойған.

Бұл рәсімге Месси келуі мүмкін екендігін түсінгенде, келушілер саны тіптен көбейіп кеткен. Осыған байланысты Месси қауіпсіздік мәселелеріне байланысты рәсімге қатыспау туралы шешім қабылдады. Алайда кейінірек ол салтанатты кешке қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінен бастап Месси "Интер Майамиде" өнер көрсетеді. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.