Рамазан Оразовтың клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
Футбол
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ойнайтын Словенияның «Копер» клубы ресми түрде бас бапкерін таныстырды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Александр Радосавлевич — Копер бапкері! Словения құрамасының бұрынғы ойыншысы Сафет Хаджичті алмастырды. Радосавлевич клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қойды, оған Деян Нишанджич пен қақпашылар бапкері Дино Шеремет көмектеседі, — делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Александар Радосавлевич өзінің тағайындалуына қатысты пікір білдірді: Сенім артқан клуб басшылығына алғысымды жеткіземін.
«Копер» мен үшін бірінші орында тұрады, сондықтан да бірден келістім, үлкен үмітіміз бар. Жұмысқа кірісуді асыға күтіп отырмын, алаңға шығуға дайынмын. Жаңа жылда командамен ортақ кешкі аста кездесіп, дайындықты талқылаймыз, - деді бапкер.