Атыраулық футбол командасының қақпашысы Дания клубына ауысты

Атыраулық футбол командасының қақпашысы Дания клубына ауысты
Футбол

"Атырау" футбол клубы

«Атырау U21» командасының ойыншысы Дулат Талыспаев Данияның «Кёге» футбол клубынан шақырту алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қақпашы шетелдік футбол клубымен келісімшартқа қол қойды

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі комнаданың арасында ынтымақтастық меморандумы жасалған.

«Биыл ақпанда «Атырау» командасының оқу-жаттығу жиынына жасөсіпірім қақпашы Дулат Талыспаев та қатысты. Сол кезде атыраулық қақпашы 8 матчта 41 сейв жасады. Бұл – оның жеке рекорды. Осылайша, атыраулық қақпашы даниялық клуб жаттықтырушыларының назарын аударды. Содан соң футболшы «Кёге» футбол клубының басшылығымен келісімшартқа қол қойды», - деп хабарлады жергілікті футбол командасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау футбол командасы Дания клубымен ынтымақтастық меморандумына қол қойғанын хабарлаған едік.

Меморандумда бірнеше мақсатқа қол жеткізу көзделген.

Әсіресе, жас спортшыларды оқыту дағдылары мен тәсілдерін жетілдіруге көмектесетін бірлескен іс-шараларды, семинарлар мен жаттығуларды ұйымдастыру қамтылған.