Ауыр атлетикадан гран-при: Әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез 4-орын алды

Ауыр атлетикадан гран-при: Әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез 4-орын алды
Басқа

olympic.kz

Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан Гран-при турнирі өтіп жатыр. Оған Қазақстан құрамасы да қатысуда, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Ақмолда Сайрамкез жарысты төртінші орынмен аяқтады.

67 келіге дейінгі салмақтағы алтын медальді Солтүстік Корея спортшысы иеленсе, күмісті Болгария, қоланы Түркменстан атлеті еншіледі.

Қазақтандық зілтерімші барлық алты мүмкіндігін де сәтті орындады.

Қоссайыс қорытындысы бойынша Ақмолда 294 келіні бағындырған.

Турнирге Рио Олимпиадасының жүлдегері Денис Уланов та қатысады.