Мейірім Нұрсұлтанов пен Винсент Файгенбутц арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Мейірім Нұрсұлтанов пен Винсент Файгенбутц арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
Бокс

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) пен Винсент Файгенбутц (36-3, 32 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бұған неміс боксшысының жарақат алуы себеп. Adal Promotions мәліметінше, жерлесіміз басқа боксшымен жұдырықтасады. 

 Мейірім Нұрсұлтановтың жоспарлы кездесуі 17 қарашада Ташкентте өтеді. Дәл қазір қарсылас ауыстыру процесі жүріп жатыр. Файгенбутцтың орнына үздік 25 боксшының қатарына кіретін былғары қолғап шебері таңдалуы тиіс. 

Қазақстандық боксшы жеңіске жеткен жағдайда WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына толыққанды үміткер бола алады.