Андрей Карпович қай клубты баптайтыны анықталды

Андрей Карпович қай клубты баптайтыны анықталды
Футбол

ҚР ҰОК

Алдын ала болжам бойынша, 42 жастағы қазақстандық маман Андрей Карпович «Елімайды» басқаруы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Жақында ғана «Елімайдың» бас бапкері Самат Смақов Семей қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған. Осыған байланысты ол клубтағы қызметінен кетеді. Бірінші лига чемпионын жаңа маусымға Андрей Карпович дайындайды.

Бұған дейін Карпович «Ақтөбеден» кететіні анықталған. Аталған клуб ел біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді.