Қазақстанның Азия пара ойындарындағы жағдайы жақсарды

Қазақстанның Азия пара ойындарындағы жағдайы жақсарды
Азиада 2023

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстан құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында сегізінші алтынды жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл жолы жүзуші Нұрдәулет Жұмағали жеңімпаз атанды. Ол 200 метрге жүзуде қарсылас шақ келтірмеді. Осылайша ол аталған ойындарда екінші рет алтын медаль иеленіп отыр.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 41 медаль бар – сегіз алтын, 12 күміс және 21 қола. Осы арқылы құрамамыз оныншы орыннан тоғызыншы орынға көтерілді.

Кестеде көш басында Қытай тұр (191-152-134), одан кейінгі орындарға Иран (39-39-35) мен Жапония (35-41-55) жайғасқан.

Ойындар 28 қазанда аяқталады.

Азия пара ойындарының медаль кестесі:

1. Қытай — 191-152-134 (477)

2. Иран — 39-39-35 (113)

3. Жапония — 35-41-55 (131)

4. Оңтүстік Корея — 26-26-35 (87)

5. Үндістан — 25-29-44 (98)

6. Индонезия — 24-21-30 (75)

7. Өзбекстан — 23-22-24 (69)

8. Таиланд — 23-21-47 (91)

9. Қазақстан — 8-12-21 (41)

10. Малайзия — 7-15-15 (37).