Рамазан Оразов «Копер» сапында алғашқы голын соқты
Футбол
"Копер" ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Словенияның «Копер» клубының сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Словения чемпионатының 13-турының матчында «Копер» «Браво» клубымен кездесті. Бұл ойынның 33-минутында Оразов мергендік танытты.
Рамазан Словения біріншілігінде сегізінші матчын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Оразов «Коперге» «Тобылдан» биылғы тамыз айында ауысқан еді.