Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы

Нұрдәулет Жұмағали - Азия пара ойындарының екі дүркін чемпионы
Азиада 2023
Жүзу

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол 200 метр қашықтықты 2:16:74-де жүзіп өтіп, Азия пара ойындарының рекордын жаңартты. Осылайша қоржынымызға сегізінші алтын медаль түсті. 

Нұрдәулетті осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионымызға тең келетін ешкім болған жоқ. Оған еліміздің туы астында жеңіс жолын жалғастырып, отандастарын жарқын жеңістерімен қуантуын тілеймін! - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.