Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
Азиада 2023

Астана қаласында IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Пара дзюдо спорт түрі бойынша сынға түскен елордалық спортшылардың арасында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдегер бар.

Олар: Ақмарал Науатбек (алтын), Ерғали Шамей (алтын), Асылан Нұрдаулетов (күміс) және Бауыржан Арстанбеков (қола).

Жалпы Пара дзюдодан ұлттық құрама командасы Азия пара ойындарында жеңіс қоржынына 3 «алтын», 4 «күміс» және 7 «қола» еншілеп, медальдік есепте 2-ші орынға орнықты.

Бірінші орында 5 «алтын», 2 «қола» және 4 «күміс» медальмен Қытай елі тұрса, үшінші орынға 2 «алтын» 1 «күміс» 3 «қола» медальмен Иран елі тұрақтады.