Пара велоспортшылар Азия ойындараның қола жүлдесін иеленді

Пара велоспортшылар Азия ойындараның қола жүлдесін иеленді
Азиада 2023

Қытайда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар жүлде алуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Тас жолдағы пара веложарыс топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев қола медаль жеңіп алды.

Олардың уақыт көрсеткіші - 1:42:52.

Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді (1:35:27), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (1:42:52).