Пара Азия ойындарында алтынның саны жетіге жетті

Пара Азия ойындарында алтынның саны жетіге жетті
Азиада 2023

Қытайда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол 100 метрді 1:05:42 минутта жүзді. Сөйтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады! - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.