Азия пара ойындары: дзюдошылар тағы үш медаль еншіледі

Азия пара ойындары: дзюдошылар тағы үш медаль еншіледі
Азиада 2023
Дзюдо

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Қазақстандық үш пара дзюдошы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Динара Куджулова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының қола жүлдесі үшін таласта өзбек спортшысы Мұхарраммхон Абдусаматованы жеңді. Жекпе-жек 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Ал Бауыржан Арыстанбеков Индонезиядан келген балуанды жеңіп, қола жүлдегер атанды. Жекпе-жек J1 санаты бойынша 90 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.

57 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Даяна Федосова (J2 санаты) үшінші орын сарапқа салынған жекпе-жекте Үндістаннан келген спортшыны жеңді.