Конференция лигасы: Бүгін «Тобыл» сырт алаңда «Паневежиспен» ойнайды
Футбол
«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі
Бүгін, 23 шілде күні қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Конференция лигасының екінші айналымындағы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Мирослав Ромащенко жаттықтыратын команда Литвада жергілікті «Паневежис» ұжымымен кездеседі.
Астана уақытымен 20:30-да басталатын бұл ойынға норвегиялық Мохаммад Аслам жетекшілік ететін төрешілер бригадасы қазылық етпек.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 30 шілде күні Қостанай қаласында ұйымдастырылады.