Азия пара ойындары: қоржынымызға екінші алтын түсті

Азия пара ойындары: қоржынымызға екінші алтын түсті
Азиада 2023
Дзюдо

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының бас жүлдесіне ие болды. Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын, - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.