Давид Дегтярев – IV Азия пара ойындарының чемпионы

Давид Дегтярев – IV Азия пара ойындарының чемпионы
Азиада 2023

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Дегтяров 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атану үшін 187 кг бағындырды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.

Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін, - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.