2026 жылғы қысқы Олимпиада тарихта алғаш рет екі мемлекетте өтеді

2026 жылғы қысқы Олимпиада тарихта алғаш рет екі мемлекетте өтеді
Қысқы спорт

Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын тұңғыш рет екі елде өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.

2019 жылдың 19 маусымында 2026 жылғы қысқы Олимпиада Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетіні белгілі болды.

Дегенмен Милан қаласынлағы шана спортына (бобслей, скелетон) арналған спорт кешені күрделі жөндеу жұмыстарын талап ететін көрінеді.

Ұйымдастырушылардың есептеуі бойынша 1923 жылы салынған спорт кешенін қайта қалпына келтірудің орнына жаңа спорт кешенін салу әлдеқайда тиімді.

Оған шамамен 150 млн еуро қаржы кетеді. Ал Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мұндай көп қаражат жұмсауға дайын емес.

Инсбрук (Австрия) қаласындағы шана спортына арналған спорт кешенін қайта жөндеу туралы шешімге келді.

Қысқы Олимпиада ойындарына арнайы дайындалатын кешенді қайта жөндеуге 27 млн еуро кетеді.

Осылайша ХХV Қысқы Олимпиада ойындары алғаш рет Италия және Австрия елдерінде өтеді Жазғы ойындар тарихында мұндай жағдай 1956 жылы болған.

Австралиядағы жануарларға салынған қатаң заңға байланысты ат спортынан өтетін жарыстар Стокгольм (Швеция) қаласында өтіп, қалған жарыстардың барлығы Мельбурн қаласында өткен.