Түркия мен Италия бірігіп Еуропа чемпионатын өткізгісі келеді

Түркия мен Италия бірігіп Еуропа чемпионатын өткізгісі келеді
Футбол

Tribuna.com

Футболдан 2032 жылғы Еуропа чемпионаты Түркия мен Италияда өтеді, деп жазады BasSport.kz.

Бұл туралы инсайдер Николо Скира twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, жарысты ұйымдастыруға ниет білдіргендер қатарында Түркия мен Италия ғана қалған. Екі қарт құрлықтың басты додасын бірлесіп өткізгісі келеді.

Жарысты өткізетін ел ертең Швейцарияның Ньон қаласында өтетін UEFA отырысында анықталады. Содан кейін ресми түрде хабарланады.

Айта кетейік, футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты Ұлыбритания мен Ирландияда өтеді. Бұл туралы да 10 қазан күні ресми түрде ақпарат жарияланады.