Азия ойындары: Дидар Әмірәлі қола жүлдеге қол жеткізді

Азия ойындары: Дидар Әмірәлі қола жүлдеге қол жеткізді
Азиада 2023
Жекпе-жек

olympic.kz

Дидар Әмірәлі Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында WKF каратэден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

67 келіге дейінгі салмақта айқасқан жерлесіміз үшінші орын үшін таласта ирандық Амир Заде Махдиді жеңді – 7:2.

Дидар үшін бұл жазғы Азиаданың екінші медалі. Ол 5 жыл бұрын Джакартадағы сары құрлық Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған.

Қазақстандық спортшы жарыс жолында Вирак Чрун (Камбоджа) мен Пань Хуэй Ченнен (Гонконг), ал ширек финалда Сельвам Кумардан (Малайзия) мықты екенін дәлелдеген.

Алайда жартылай финалында Иордания құрамасының өкілі Абдель Рахман Алмасатфаға есе жіберді – 2:10.