Әсел Қанай Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді

Әсел Қанай Азия ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді
Азиада 2023
Жекпе-жек

Сали Сабиров

Әсел Қанай Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Әсел қола медаль үшін жекпе-жекте ирандық татами шебері Атоуса Голшаднежадтан басым түсті. Қазақ каратэшісіне жеңіске жету үшін бір ғана ұпай жеткілікті болды. Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Аднан Закияны (Малайзия), одан кейін Кристин Лиді (Филиппин), жартылай финалда Нгоан Тхи Нгуеннен айқасын асырды.

Әсел былтыр Азия чемпионатында жекелей және командалық сында топ жарған.