Алексей Луценко екінші алтын медальді алудан бас тартты

Алексей Луценко екінші алтын медальді алудан бас тартты
Азиада 2023
Велоспорт

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарындағы жеңісінен кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Жеңіске жету деген міндет жүктелді. Тырысып бақтық, Алексей Луценко екеуміз алға кеттік, барлық команда көмектесті, жұмыс істеді. Ұйымдасқан жұмыстың арқасында мәреге екеуміз жеттік. Алексейдің алтын медалі бар еді, ал менде болған жоқ, сондықтан ол алтынды маған берді, - деді Федоров.

Айта кетейік, қазақстандық велоспортшылар Евгений Федоров пен Алексей Луценко Азия ойындарында алтын және күміс медаль еншіледі.