Қоржынға жетінші алтын түсті: Нұржан Батырбек чемпион атанды
Азиада 2023
Жекпе-жек
Тұрар Қазанғапов
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Атап айтсақ, 69 келі салмақта сынға түскен Нұржан Батырбек Азия ойындарының чемпионы атанды. Сөйтіп Қазақстан қоржынына жетінші алтын жүлдені салды. Нұржан тартысты өткен белдесуде БАӘ өкілінің спортшысын 4:2 есебімен жеңді.
Бұған дейін жерлесіміз жартылай финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері оңтүстіккореялық Чо Сонг Хеннен басым түсті. Оның алдында саудиялық Усама Кандил мен Тәжікстан өкілі Рамшед Абдуллоевты қапы қалдырған.
Осы салмақта бақ сынаған тағы бір қазақ спортшысы Алдияр Серік қола жүлдеге ие болды.