Қазақстан байдарка және каноэде есуден 3 жолдама иеленді

Қазақстан байдарка және каноэде есуден 3 жолдама иеленді
Азиада 2023

Сали Сабиров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының 8-жарыс күні басталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бүгін 200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орын алып, финалға шықты.

500 метр қашықтыққа байдаркада есуден Анастасия Березовская 2:06.783 уақытпен 2-орын алып, финалға өтті.

500 метр қашықтыққа байдаркада есуден ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы ( Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла) 1:28.922 уақытпен 3-орын алып, финалға жолдама алды.

Финал 3 қазан күні өтеді.