Ескек есушілер Азия ойындарының финалына шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев іріктеу кезеңінде екінші орын алып, финалға өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
1.Әли Агамирзаеиченагард (Иран) – 3:49.603
2.Кирилл Тубаев (Қазақстан) – 3:51.925
3.Гуанг Тео (Сингапур) – 3:55.893
500 метр қашықтыққа байдаркадан әйелдер арасындағы жұптық бәсекедегі іріктеу кезеңінде Ирина Подойникова/ Ольга Шмелева 1:49.240 уақытпен 1-орын алып, финалға шықты.
Ал 500 метр қашықтыққа байдаркадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде Игорь Ряшенцев/ Андрей Ергучев 1:38.338 уақытпен 2-орын алып, финалға өтті.
Ал 1000 метр қашықтыққа каноэда есуден Тимофей Емельянов 4:10.107 уақыт көрсеткішімен төртінші орынға тұрақтады. Сөйтіп, жартылай финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.